Нұрсұлта Назарбаев осыдан тура 25 жыл бұрын алғаш рет Балқаш қаласына ат басын бұрған. 30 қараша 1992 жылы мемлекет басшысы мысты сұйық ваннада қайнату әдісін игерген мысшылардың жетістігін көріп қайтқан. Ал соңғы сапарында балқаштықтармен бірге қаланың 70 жылдығын атап өткен болатын. Жалпы Елбасы Тәуелсіздік алғалы бері Балқашқа 7 рет келген. Толығырақ келесі сюжетте.
Нұрсұлтан Назарбаев Президент ретінде Балқашқа алғаш рет 1992 жылы келді. Елбасы сол кезде зауыттың жағдайымен танысып, жұмыскерлермен тілдесті. Ол кезде өндіріс орны «Балқашмыс» бірлестігі деп аталған еді.
90 шы жылдары қазақстандық өндіріс орындары нарыққа еркін араласып, жұмыс жандана түседі. Ал Балқашта ол кезде сұйық ваннада мыс еріту әдісі игеріле бастаған болатын.
Тәуелсіздік алғалы бері Елбасы Балқашқа 7 рет ат басын бұрған. 96, 97 және 2000 шы жылы. Ал 2003 жылы Мырыш зауытының ашылу салтанатына қатысады. Соңғы рет осыдан 10 жыл бұрын болды. 2007 жылы балқаштықтармен бірге, қаланың 70 жылдығын атап өтеді.
Нұрсұлтан Назарбаев-ҚР Президенті
«Балқаштың 70 жылдығын мерекелеуге келіп тұрмын. Әрқайсыңызға бақыт, береке, амандық тілеймін.
Бұл кұні Президент дәстүр бойынша зауытта болып, одан әрі профилакторияға, қалалық сотқа барды. Тәуелсіздік алаңында қала тұрғындарымен жүздесіп, Ағыбай батыр ескерткішін ашты. Күкірт қышқыл цехын іске қосты.
Нұрсұлтан Назарбаев-ҚР Президенті
«Қазақстан мақтаға тұратын ел. Кең байтақ, жалпақ елміз. Талай елдің тоғысында өмір сүрген елміз. Талай қиыншылықты бастан өткерген елміз. Ата-бабаларының аманатын орындап жүрген халықпыз. Жастарға айтарым осыны қастерлей білу керек.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login