Үй кезегінде тұрған 100 ге жуық балқаштық пәтерге ие болады

Келер жылы үй кезегінде тұрған 100ге жуық балқаштық қоныс тойын тойлайды. Қоңырат мөлтек ауданында қаңырап бос тұрған 2 көпқабатты үйді қайта қалпына келтіру басталды. Құрылыс жұмыстары аяқталысымен, ондағы пәтерлер баспанаға мұқтаж тұрғындарға беріледі.

Қайта қалпына келтіру жұмыстары Зайцев көшесіндегі 18 үй мен Русаков көшесіндегі 10 үйде жүргізілуде. Екі баспана осыдан 54 жыл бұрын салынған. Ал бос тұрғанына 20 жылдан асыпты. Іске кіріскен құрылысшылар нысандарды күл-қоқыстан тазартуға біраз күш жұмсаған. 2 аптаның ішінде  қараусыз қалған үйлерден 200 тоннаға жуық қалдық шығарылыпты.

Өркенбай Сахид-тас қалаушы

« Перегородкалары бұзылған. Қалау керек. Ішінде әлі біраз жұмыстар бар. Штукатурка дегендей. Баспалдақтары жоқ.

48 пәтерлі 4қабатты екі үйді жөндеуге 300млн теңге қаржы жұмсалады екен. Қазір бұл соманың 17 млн беріліп, құрылысшылар жұмысқа кірісіп кетті. Қалғаны келер жылы жергілікті бюджеттен бөлінеді деп күтілуде. Егер, ақша мерзімінде берілсе онда тура бір жылдан кейін үй кезегінде тұрған 100 ге жуық балқаштық қоныс тойын тойлайды.

Саятбек Мусин-қалалық құрылыс бөлімінің басшысы

« Бұл үйдің қаңқасы тұрғандықтан, екі есе арзанға түсіп отыр. Қазір жаңа 45 пәтерлі үйге 330 млн ақша кетеді.  Бұған барлығы кететіні 140млн.

Қоңырат м\а соңғы рет қараусыз қалған үй осыдан 5 жыл бұрын жөнделген болатын. Міне мына көпқабатты баспана 2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша қайта қалпына келтірілді. Мұндағы 48 пәтере қолайсыз деп танылған елді-мекендерде тұратын отбасылар көшірілген еді.

Гүлшат Байтөкешова-тілші

«Бұл материалдан кейін Қоңырат м\а бос тұрған басқа үйлер жөнделе ме екен деген сұрақ туындауы мүмкін. Алайда, биліктегілер әзірге ондай жоспардың жоқ екендігін айтып отыр. Себебі бір ғана үйдің жағдайына сараптама жасатып, қаншалықты деңгейде апатты екенін, қайта қалпына келтіруге бола ма, болмайтындығын білу үшін 2 млн аса қаржы керек екен».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture