Балқаш қалалық ішкі істер бөліміндегі жауап алу кабинеттерінің бірі шыныдан жасалып, ашық күйге келтірілді. Бұдан былай сұрақ-жауаптың барлығы бейнекамераға жазылатын болады. Оны онлайн жүйеде кезекші бөлім қадағалап отырады.
Ішкі істер бөлімінің сұрақ- жауап кабинеті прокуратураның бастамасымен толық өзгертілді. Енді замануи құрылғылармен жабдықталған кабинетті сырттан-ақ көріп отыруға болады.
Ал тергеу барысы онлайн жүйеде бақыланады. Яғни орнатылған бейнекамералардың арқасында барлық ақпаратты, жүріс-тұрысты кезекші бөлім қадағалайды.Түсірілген көрініс сақталады. Бұл дегеніңіз, қысым көрсетілуге жол жоқ.
Талғат Мұратов – қала тұрғыны:
«Кабинеттердің өзгергені көрініп тұр. Бейнекамера орнатылған. Өзіңді қауіпсіз сезінесің. Бұрыңғыдай жабық емес, жан-жағың ашық. Кім-кіріп шығып жатқанын көріп отырасың».
Күдіктілерден жауап алу кабинетін жаңарту үшін 200 мың теңге жұмсалды. Келер жылы тағы 8 кабинетке құрылыс жүргізіледі деген жоспар бар. Оған қоса, ішкі істер бөлімінде кезекші прокурордың кабинеті есігін айқара ашты.
Сейдахмет Өткіров – қалалық прокурор орынбасары
«Осындай ашық , жабдықталған кабинеттердің арқасында тергеу амалдары, жауап алу қызмет жүйесі біраз алға жылжиды деген үміттеміз. Күдіктілерден түсетін арыздар азайды деген болжам бар».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login