Балқаш жаңалықтары 15 қараша 2017

Балқаштың орталық көшесінде екі көлік қақтығысты. Жол көлік оқиғасы түнде Ленин мен Ағыбай батыр көшесінің қиылысында болды.

Биыл Балқашта 115 адам қант диабетіне шалдыққан. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Мамандар болса науқастар санының өсуіне алаңдаулы.  

Балқаштық   54 тұрғын мемлекет  көмегінен  қағылды. Енді  олар үкіметтен  тегін пәтер ала алмайды.  Қалалық тұрғын  үй шаруашылық  бөлімі    тиісті   құжаттарын  жаңартпаған  адамдарды  үй кезегінен  алып тастады.

Қалалық  әскери комиссариатта  700 азаматтың әскери билеті  шаң басып жатыр. Өйткені,  аталмыш  құжатқа ие болған  тұрғындар  оны алып   кетуге асығар  емес.

Бүгін қазақ теңгесінің айналымға енген күн. Тура осыдан 24 жыл бұрын яғни 1993 жылы алаш елі тұңғыш рет төл ақшасын қолына ұстады. Ал 1997 жылы Президент Жарлығымен 15 қараша қазақ теңгесінің туған күні  әрі қаржыгерлер күні болып бекітілді. Төл теңгеміздің туған күніне орай біз халық арасында сауалнама жүргіздік.

Біздің болашағымыз-салауатты ұрпақ. Осындай мақсатпен  қалалық оқушылар сарайында жаттығу  алаңы  пайда болды. 19   дана спорттық  тренажер оқушылар сарайының артына   орналастырылды. Қазір  мұнда   темірлерді орнату жұмыстары  аяқталып қалды.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture