Балқашта жеңіл көлік өртке оранды. Фото

 Балқашта «Ауди» маркалы  көлік  өртке  оранды.  Оқиға  Қараменде  би  көшесінде   кешкі сағат 20:00-де тіркелді. Жол бойында  тұрған көлікті жүргізуші  қыздырмақ болған. Алайда,  жүре бергенде  капоттан  қара түтін шығып, алдыңғы  жағы  жана бастайды.  Куәгерлер  өрт  сөндірушілерге хабар берген. Бірақ,  көлік иесі  оларды  күтпей өз күшімен лапылдаған  алауды  ауыздықтап үлгерді. Оған  басқа  да жүргізушілер  көмектесті. Бастысы  өзі аман қалды. Ал  көліктің алдыңғы  жағынан тек қаңылтыр ғана  қалды. Қалпына келтіруге мүмкін емес.

Данияр  Әміржанов-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің аға инженері

«Автокөліктің жану себебі мотордың ішіндегі  сымдардың тұйықталуы. Оқиға орнында  ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт сөндіру  бөлімі  келгенше  автокөліктің  жүргізушісі өз күшімен  сөндіріп үлгерді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture