Балқаштық кикбоксшылар республикалық жарысқа жолдама алды.Облыстық іріктеу сайысына барған 4 жерлесіміздің үшеуі чемпион атанды.Қарағандыда өткен жарысқа 100-ден аса жасөспірім қатысты. Олар 45 пен 81 келі салмақ дәрежелері бойынша бақ сынасты. Оның ішінде Балқаштан 4 спортшы барды. Үш күндік кездесудің нәтижесінде үшеуі чемпион атанды. Темірлан Серік пен Нұрислам Кемелхан есімді жерлестеріміз қарсыластарын накаудпен жеңді. Ал 15 жастағы Айбат Нұрланұлы қарағандылықты ұпай бойынша ойсыратты. Бірақ, төртінші балқаштық Темірлан Амантайдың дайындығы аз болып, өзіне бірнеше соққы жіберіп жеңіліс тапты. Енді 17-18 жас аралығында Орал қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына Темірлан мен Нұрислам бармақ.
Жомарт Үсен- бапкер
«Амантай Темірлан бірінші кездесуінде жеңіліп қалды. Қарсыласы мықтылау болды.Кішкене тәжірибесі жетпей қалды. Енді бірінші орын алған балалар қараша айында Орал қаласында ҚР чемпионаты өтеді.Соған қатысады. Дайындықтар жүріп жатыр. »
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login