Үй-күйсіздерге арналған Жанашыр орталығында орын жоқ

67 жастағы Филип Морозов екі аптадан бері осы жерде. Өзі Алматы облысының тумасы. 1997 жылы Балқашқа келіп, зауытқа жұмысқа тұрған. Алайда, 10 айдан кейін қысқартуға ұшырайды. Содан осы күнге дейін малшы болып, ауылдан ауылға ауысқан. Ең соңғы рет Бектауата маңындағы қыстақтардың бірінде қой бағыпты. Алайда, денсаулығы сыр бергеннен кейін Балқашқа қайтып оралған.

Филип Морозов-тұрғылықты мекен жайы жоқ адам

«Аяғым қатты ауырғандықтан, кейде жүре алмай қаламын. Жұмыс істейтін қауқарым жоқ. Осында бұрын туыстарым тұрған. Бірақ, қазір ешім жоқ. Екі рет үйленіп, айырылыстым. Қызым бар, бірақ көрген емеспін. Мұнда ең бастысы жататын орын бар. Бәрі таза, іші жылы.

Жанашыр орталығында қазір 8 адам тұрады. Таң атысымен тамағын тауып жеу үшін, жұмысқа жарамдылары нәпақа іздеп кетеді. Мұнда тегін тамақ қарастырылмаған. Қазір күніне бір рет ыстық ас беруді шіркеу өз мойнына алған. Алайда, олар желтоқсан айының соңынан бастап, ақпанға дейін демалысқа жабылады. Сол себепті орталық жомарт жандардан көмек күтеді.

Дәкен Терлікбаева-«Жанашыр» кризистік орталығының директоры

«Небәрі 8 төсек. Ешқашан бос болмайды. Жаз айында бос болады. Себебі біреулері жалданып кетеді. Далада қона салады.Қысқа қарай орын болмайды ешқашан. Күн суытқалы келеді. аптасына 2-3 келеді.

Мұндағы мамандар келушілерді тек орналастырып қана қоймай, заң тұрғысынан көмек береді. Мысалы, жыл басынан бері 2 адамға куәлік жасатып, осынша адамға зейнетақы рәсімдеткен. Төртеуінің жоғалған құжатын қайта қалпына келтірген. 1 адамды қарттар үйіне жіберіпті. Енді онда Филип Морозовты да орналастырмақ. Қазір құжаттарын дайындауда.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture