Балқаш жұрты қаланың құрметті азаматы, Социалисттік Еңбек ері атағының иегері Жылқыбай Беисовті соңғы сапарға шығарып салды. Қоштасу рәсіміне әкімшілік қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері, қарапайым халық жиналды.
Қаралы жиын таң сәріде Тәуелсіздік алаңында өтті. Оған келгендердің барлығы марқұмның өткен өмірін тілге тиік етіп, дара тұлғамен қимастықпен қоштасты. Айта кетейік, Жылқыбай Беисұлы өз өмірінің 55 жылын комбинат өміріне арнады. Еңбек жолын Балқаштағы байыту фабрикасында классификаторшының көмекшісі міндетінен бастаған. Бүгінде 92 жасынында көз жұмған қарияның артынан 3 қызы мен 7 немересі қалды.
Бекен Төлеуұлы- білім саласының ардагері
Өмірінің барлық өту жолында жастарды тәрбиелеуде ол кісінің еңбегі өте зор. Біраз үлкен жаста болғанымен біздің осы күнге дейінгі қаланың үлкені болсын , кішісі болсын үлкен құрметке бөленген адам.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login