Тосыннан келген су. Кеше түнде Ленин көшесінің бойында жылу құбыр желісі жарылды. Салдарынан үш дүкен мен лағман орталығы су астында қалды. Бірнеше сағат бойы тоқтамастан аққан ыстық судың биіктігі бір метрге дейін жетті.Енді нәпақыларынан айырылған кәсіпкерлер коммуналшыларды сотқа береміз деп отыр.
Жылу құбырымен болған апаттың куәгерлерінің бірі мына киім-кешек дүкені. Ленин көшесіндегі 41 үйде орналасқан орталықтың 400 шаршы метрі ыстық суға малынды. Барлық тауар биіктігі бір метрге жеткен су астында қалды.
Әділ Аширбеков – дүкен иесі » Таңертең КСКға хабарластық.Су Жылу Транстың кінәсі деп отыр.Біз баға бере алмаймыз. Баға беру әлі ерте. Суы кетсін сосын көреміз.Жол бойы қалған екі дүкенді де су алып кетті.0643 Оценкасын жасаймыз.Көреміз».
Дәл осындай жағдай бір емес бірнеше дүкенде де орын алды. Алайда, бұл жерде су төмен болғанымен шығын көлемі аз деп айта алмайсын.
Лидия Лекасова – дүкен иесі
«Бұл жерде бірнеше бутиктер бар. Барлығының тауарлары бағалы. Жиһаздары тапсырыспен алынған. Үстімізде тұрғындар тұрады.Ал егер сол судан тоқ тұйықталса, не болар еді?Белгісіз».
Жер астында жарылған құбыр қарсы беттегі лағман орталығын да шығынға батырды. Таңғы сағат 5-тен бастап кафе қызметкерлері суды сорып тазалауда. Алайда, дәмді тағамдарын жақын күндері жасамасы анық.
Еще проблема найти оценщика?
– Да, оценщика нет. Мы не одна же организация, все магазины тоже будут. Вместе будем.
Анықталғандай, кеше түнде мамандар жылуды сынақтан өткізу үшін іске қосқан. Салдарынан Ағыбай батыр көшесінің бойындағы жылу құбыр желісі жарылған. Одан тоқтамастан аққан су жертөле қабаттарында орналасқан дүкендерге жайылған.
Бейсенбек Сармантаев – «Су Жылу Транс» КМК директоры:
«Қыркүйектің екісінен бастап магистральді жылу трассасын тексердік. Дайындық жұмыстарын әзірледік. Бірақ таңғы сағат 5-те Ағыбай батыр мен Ленин көше бойында апат орын алды. Қазір ондағы 6 метр құбырды жаңасына ауыстырып жатырмыз ».
Ал сауда сатып нәпақаларын тауып жүрген кәсіпкерлер барлығына коммуналшылар кінәлі дейді. Сондықтан, 4 сауда орталығы жұмыстарына салғырт қарағандарды сотқа береміз деп отыр.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login