Балқашта үш тілде сөйлейтіндер клубы құрылды. Атауы «English Time». Ұйымның ашылу салтанаты Нұр Отан партиясының ғимаратында өтті. Онда клубқа мүше болған 10 адамға арнайы төсбелгі табысталды. Олардың көбісі Балқаш гуманитарлық техникалық колледжінің оқытушылары. Ағылшын және қазақ тілін қалалық тілдер орталығында меңгерген. Енді «English Time» клубының мүшелері айына екі рет жиналып отырады. Кездесетін жер «Сырлас» кітапханасы.
Әсел Булекова-тілдерді дамыту және мәдениет бөлімінің маманы
«Клубтың арнайы жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізіліп тұрады. Клубқа негізі мүшелікке тілдер орталығында оқыған, сертификатын алған адамдарды алуды жоспарлап отырмыз. Деседе, қала тұрғындары арасында үш тілді де білемін, жетік білемін, араласамын деп жатса, әрине есік ашық».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login