Балқашта суық су қымбаттайды

Балқашта суық су қымбаттайды. 1 қарашадан бастап қазіргі бағаның үстіне 40 теңге қосылады. Тариф 5 жылға арналған. Мысалы 2017 жылдың 1 қарашасынан бастап судың 1 текше метрі 112 теңгеден 150 теңгеге көтеріледі. Мұндай қымбаттау осылайша 2021 жылға дейін созылады. Әр 12 ай сайын 10 теңгеден қосылып отырады. Осылайша 5 жылдан кейін балқаштықтар суық судың 1 текше метрі үшін 180 теңге төлейтін болады.

Виталий Матюшкин-«Балқаш СУ» КМК өндірістік техникалық бөлім басшысы
«Бұл тариф дифференциалды. Яғни жыл сайын өзгеріп отырады. Жаңа баға бойынша есептеу 1 қарашадан басталады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture