Балқашта электр энергиясының бағасы қымбаттайды. Жаңа тариф осы жылдың қараша айынан бастап қолданысқа енбек. Әзірге жарық құнының қанша пайызға көтерілетіні белгісіз. Қуат көзін жеткізушілер осы мәселеге байланысты халықпен кездеспек. Қоғамдық тыңдалым 25 қыркүйек күні мәдениет сарайында өтеді. Кездесуге облыстық мониполияға қарсы департамент мамандары келмек. Жиын сағат 11 де басталады.
Азамат Қаржанов – «Қазэнергоцентр» ЖШС коммерциялық –диспетчерлік қызмет бөлімінің басшысы
«Қоғамдық тыңдалымды табиғи монополиялар Департаменті өткізеді. Сондай-ақ Қазэнергоцентр мамандары қатысады. Тұрғындардан келіп, қатысуларын сұраймыз. Онда алдағы өзгерістер мен оның себептері айтылады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login