Балқашта алғаш рет қалыңдық шеруі өтті. Фото

Балқашта алғаш рет қалыңдық шеруі өтті. 10-ға жуық мерейтой күні бас қосқан жас келіндер той арасында келіп мерекенің көркін кіргізсе, кейбір отбасылы келіншектер қайта той көйлектерін киіп шықты. Тіпті тұрмыс құрмаған қыздар да шеруден қалыс қалмады. Сұлу арулар Желтоқсан көшесінің сәнін келтіріп,флеш моб биледі. Ал оған сүйсіне қараған балқаштықтар таңданыстарын жасырмады.

Қала күнінде отбасы қатарына қосылғалы тұрған жандар Шынар мен Ернұр Жұмағали. Жас жұбайлар өмірлерінің ең маңызды күндерін мерейтоймен байланыстырмақшы. Сондықтанда, күллі ел алдында некелерін қиюға бел буған.

 Шынар және Ернұр Жұмағали – жас жұбайлар
«Өте қуаныштымыз. Бізді бүгінгі тойымызға қала әкімі, облыс әкімі құттықтап жатқанымызға. Өте қуаныштымыз».

Ал Ақмарал Құрманғали тамыз айында тұрмыс құрған ару. Бірақта, сол бір күнгі бақытты қайта еске түсіру үшін қалыңдық шеруіне қатысуға ниет білдірген көрінеді.

 Ақмарал Құрманғали – шеруге қатысушы
« Мен бұл шеру жайлы интернет арқылы білдім.Осы жылы тұрмыс құрғанмын.Бұл шеру маған ұнаған себебі менің өз тойымды көңілді, бақытты сәттер болған сол естеліктерді қайтадан қайталағым келді.Сол себептен қатысқым келді. Маған қызық болды».

Қала күнінде жиналған жұртшылық алдында жанұя атанған жандар алғашқы вальс билерін билеп,махабаттарына берік болуға ант берді. Оларға неке куәліктері салтанатты табыс етілді. Кейін 5 қалыңдық тұрмыс құрмаған қыздарға гүлдерін лақтырды.

Осылайша, шеру ақ көйлек киген қалыңдықтардың флеш –мобымен аяқталды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture