Қала жастары жаңа алаңқайды тәжірибеден өткізді. 16 қыркүйектен бастап Мәдениет сарайының артындағы 5 ойын-жаттығу алаңдары пайдалануға берілді. Дені сау ұрпақ пен бақытты балалық шақ үшін тұрғызылған жобаларды жергілікті ірі өндіріс ошағы сыйға тартты.

Мәдениет сарайының қасына балаларға 2 алаң салынды. Оның бірі 3 жастан асқан бүлдіршінге арналған. Онда балғындар ашылған бетте өздеріне шақталып салынған әткеншекте тербеліп, сырғанақ теуіп барлығын сынақтан өткізді.
Бұдан өзге спортпен шұғылданамын деген балалар мен ересектерге басқа алаң пайдалануға берілді. Онда салауатты өмір салтына қажетті барлық жағдай жасалған. Кардио мен бұлшық еттерді шынықтыруға мүмкіндік зор. Алайда, жаттығу құрылғысына ең бірінші балалар отырды.

Ал доп теуіп, команда болып ойнайтын тұрғындар үшін әмбебап корт алаңы есігін айқара ашты. Мұнда қала тұрғындары жиналып, бекітілген кесте бойынша топтық ойындар ойнай алады. Бастысы барлық күзетішлердің жіті назарында.
Ермек Мамырбеков – Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жетекші орынбасары
«Алаң әрқашан деп айта алмаймын.Күндіз кешке дейін алаң ашық болады.Оны арнайы кесте, график құрамыз.Сол кестемен графикпен, организациялар, мектептер , орта оқу орындары, комбинат жұмыскерлері кестемен ойнауға болады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login