Балконнан қоқыс лақтырған балқаштыққа айыппұл салынды

Балқашта қоқысты балконнан лақтырып жіберген ер адам 45 мың теңге айыппұл төледі.

Кейіпкер Қараменде би көшесі, 74 үйдің екінші корпусында тұрады. Күндіз 5 қабаттағы азамат төменге түсуге ерінсе керек, балконнан ағаш қалдықтарын лақтырып жіберген. Ал оны төменгі қабаттағы көрші көріп, телефонға түсіріп алыпты. Себебі, автордың айтуынша бұл әрекет көршінің әдетіне айналған дейді.

Осылайша ауланы шашқан еркек сол күні ұсталды. 46 жастағы тұрғынды полицейлер мас күйінде құрықтады. Сөйлеуге шамасы келмегендіктен наркологиялық диспансерге жіберді. Тек келесі күні хаттама толтырды. Тұрғын жасаған ісін мойындап, түзелуге сөз берді. Ал ағашты белім ауырғандықтан лақтырып жібердім деп ақталды.

«Бел омыртқам ауырғандықтан төменге түсе алмадым. Мен ең бірінші төменде ешкім жоқ екенін қарап алдым. Сосын лақтырып жібердім. Бірақ кейін өзім түсіп ағаштарды жинап алдым. Енді қайталамаймын» .

Ержан Разиев – Жергілікті полиция қызметінің басшы орынбасары
«Бұл құқық бұзушылық резонанс тудырғанына байланысты аталған тұлғаға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Осы бап бойынша қайталап жасаған жағдайда айыпталушыға 30 АЕК айыппұл салынады». 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture