Балқашта алғаш рет ветеринарлық станция ашылды. Енді мамандар төрт аяқтыларды барлық стандарттарға сәйкес емдейтін болады.
Ардақ Аманқұлов — өмірін мал шаруашылығына арнап төрт түлікті емдеп жүрген дәрігер . 6 жылдың ішінде ветеринар алғаш рет жеке кабинетке көшті. Енді маман бұл жерде төрт аяқтыларға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, анализді қаладағы зертханаға жебіретін болады.
Алайда, дәрігерлер салқын кабинетте отырып, демалмайды. Өйткені, ғимарат артындағы қораға келген жануарларды қабылдайды. Ем-дом жүргізеді. Дәрі-дәрмек егеді.
Ардақ Аманқұлов –ветеринарлық дәрігер
«Малды сырғалау, егу жұмыстарын жүргізгеннен кейін әкімшілікте берілген ветеринарлық малға деген құжатты және мал союға, басқа жерлерге сатуға осы жерден берілетін болды. Сол жерден келіп алу керек халықтар».
Балқаш қаласының 80 жылдық тарихындағы бұл бірінші ветеринарлық станция. Мерейтойға арнайы тұрғызылды. Ол үшін жергілікті бюджеттен 20 млн. теңге қаржы бөлінді.
Қайырбек Тұрсынбеков – Қарағанды облыстық ветеринария басқармасының жетекші орынбасары
«Балқаш қаласының аумағында тұрғылықты өзінің қолында ұстап отырған , ауыл шаруашылық жануарлары ауырған, күдік болған жағдайда әкеліп көрсетуіне, дәрігерлерден тиісті нұсқаулық алуға сол бағыттарға қажеттілік».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login