Биыл Балқашта кеншілер мерекесі әдеттегіндей ауқымды түрде тойланбайтын болды. Тек қана Қоңырат пен Саяқ кентінің тұрғындары үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылады. Жұма күні Қоңыраттағы нөмір 25 мектеп сахнасында кен саласының үздіктері марапатталады. Содан кейін қазақстан эстрадасының жұлдызы Абдулкарим Каримовпен жергілікті әншілер әсем әндерін орындайды. Ал Саяқ кентінің тұрғындары үшін жас әнші Әмре өнер көрсететін болады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login