Балқашта бассейн қыркүйекте ашылмайтын болды

Балқашта бассейн қыркүйекте ашылмайтын болды. Нысанның жобасы өзгертілгендіктен араға 15 күн салып бүгін қайта жанданды. Енді алдағы үш аптаның ішінде мамандар хауыздың сыртқы құрылысын аяқтап, төбесін жабатын болады. Қараша айына дейін әктеп-сырлап, ғимаратты өткізбекші.

Соңғы 15 күнде тоқтап қалған бассейіндегі құрылыс бүгін қайта жанданды. Себебі, екі апта ішінде жобаға өзгеріс енгізілді. Өйткені, құрылысшылар 10 жыл бойы тоқтап қалған нысанды жөндейміз дегенде құбырлар жарылып, жер астына су кетті. Сондықтан, 60 метр канализациялық құбыр мен 300 метр дренаждық жүйені ауыстыруға тура келді.

Мейрам Жазыбеков- құрылыс прорабы
«Бассейнді қыркүйекте бітеді деп айтқан болатынбыз.Біздің капремонот болғаннан кейін біздің фундамент осодак бере бастады.Фундаменттердің бәрі кете бастады.Одан кейін бізді су басып кетті. Қаланың главный дренажына қостық 250 метрдей.Тау болғаннан кейін скальныйлар уақыт алды».

Көктемде басталған құрылыс 50 пайызға аяқталып қалды. Нысанға жарық тартылып, құбырлар орталық жүйеге жалғанды. Жуыну бөлмелері қалыпқа келтірілді. Қазір мамандар көлемі 18/50 метрлі спорт залдың қабырғаларын қалауға кірісті. Содан кейін ғимараттың шатырын жауып, ішкі құрылысқа көшеді. Бассейннің жүрегі саналатын орталыққа 4000 мыңдай кафельді жапсыратын болады.

Мейрам Жазыбеков- құрылыс прорабы
«Мұнда құрылыс жұмыстарын бастағынмызға үш күн болды.Енді бір үш демалыста бітіреміз.Мұнда бізде екі ферма қалды.Үстін жабамыз.Одан кейін шкатурка жұмыстары басталады».

Құрылыстың бір жарым айы құбырларды ауыстыруға кеткендіктен бассейін қыркүйекте ашылмайтын болды. Екі айға кешігіп, қараша айында балқаштықтардың игілігіне берілмек.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture