Балқашта садақ атудан халықаралық турнир өтуде

Балқашта садақ атудан халықаралық турнир өтуде. Қаламызға Қазақстан, Қырғызстан және Ресейден келген  мергендер жиналды.

Үш елдің басын біріктіріп турнирге ерекше екпінмен келген сайыпқырандардың бірі Шымкент қаласының спортшылары. 16 қыз-жігіттен құралған құрама жаттығуға белсене кірісіп, әрбірі өздерінің садақтарын дайындау үстінде. Себебі, спорт шеберлері мен чемпиондардан жиналған команда жеңіске үмітті.

Мансұр Әлімбаев – Шымкент қ. садақ атудан халықаралық турнирге қатысушы
«Ең керегі рукаятка. Одан кейін иық кетеді. Одан кейін сталибизатор. Оны қоймасаңыз садақ дұрыс атылмайды. Әрбір адамға өздерінің луктары болады, қолдарының ұзындығына байланысты».

Дәстүрге айналған турнирде мергендер үш түрлі садақтың бірін таңдап, қатыса алады. Бірақ көбісінде олимпиадалық қару. Өйткені заманауи үлгіде жасалған садақты өзіңе ыңғайлы етіп құрастыруға мүмкіндік бар.

Мұхамедкәрім Мұхамеджанов – ШҚО садақ атудан халықаралық турнирге қатысушы
«Бұл біз бала кезімізден садақты қолмен жасап үйренгенбіз. Ағашты иіп, жіпті тартып. Әкелеріміз үйреткен. Бұл спорттың бірі түрі болған соң. Мұндайды Қазақстанда шығармайды. Сондықтан осындай жасап шығарса екен деген ниеттемін».

Әр елден келген саңлақ спортшылар бірнеше кезеңде бақтарын сынайды. Ең бірінші М1 яғни- 90 см-ден 30 метр аралығында нысанаға көздейді. Екіншісі олимпиадалық айналым. Оған ең көп ұпай жинағандар қатысады. Соңғы тур 3Д деп аталады. Ол кезеңде тек үздіктер өнер көрсетеді.

Медина Тұрсынова – Садақ атудан халықаралық турнир хатшысы
«Ол көбінесе Эко туризмді жандандыруға арналған спорттың жаңа түрі болып есептелінеді.1620 3Д жарысында арнайы садақ ататын шеттерге жануарлардың суреттері ілінеді.Себебі біз чучулаларды қоймаймыз.Себебі оған жағдай,мүмкіндік берілмейді».

Балқаштағы үшінші халықаралық турнирге биыл 60 спортшы қатысуда. Қырғызстан, Ресей және Қазақстанның өкілдерінің арасында құралайды көзге атқан мерген ертең анықталады. Ал былтыр бұл жарысты шымкенттіктер чемпион болғантұғын.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture