Қарағанды облысы бойынша Балқаш ауыз су қымбат қалалар тізімінде. Суық суға ең көп төлейтіндер үштігінде Саран, Балқаш және Қарағанды. Жалпы бұл тізімде 40 мыңнан астам халқы бар Саран қаласы көш бастап тұр.Ондағы тұрғындар бір текше метр үшін 115 теңге 9 тиын төлейді. Одан кейін 112 теңге 15 тиынмен Балқаш. Шарықтаған тарифтер қатарында Қарағанды. Көмір орталығы суық суға 110 теңге 26 тиын төлейді. Бірақ дәл жанында тұрған Теміртауда бірнеше сараланған тариф қарастарылған. Дегенмен де, облыстың Жезқазған, Сәтпаев және Приозерск қалалары бір текше метр суға бар жоғы 50 теңге құртады. Ал республика бойынша ең шарықтаған тариф Ақтауда. Ол жақтың тұтынушылары бір текше суға 234 теңге жұмсаса, Қызылорда 150, Атырау 113 теңгеден ақы төлеуде.
Қарағанды облысы бойынша ауыз су тарифінің тізімі :
1. Саран – 115, 99 тг/ м3
2. Балқаш – 112, 15 тг/ м3
3. Қарағанда — 110,26 тг/ м3
4. Теміртау — сараланған тариф (37,24-103,61 тг/ м3)
5. Қаражал – 92,92 тг/ м3
6. Шахтинск – 84,38 тг/ м3
7. Абай – 75,5 тг/ м3
8. Приозерск – 46,05 тг/ м3
9. Сәтпаев – 46, 368 тг/ м3
10. Жезқазған – 43,47 тг/ м3
Қазақстан бойынша ауыз су тарифінің тізімі:
1. Ақтау – 234,08 тг/ м3
2. Қызылорда – 150,36 тг/ м3
3. Атырау – 113,49 тг/ м3
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login