Балқашта бірнеше аймақта ыстық су сөндірілді. Оған себеп шаһарда жылу маусымына дайындық жүріп жатыр. Коммуналшылар күз айына дейін ескірген құбырларды жаңасына ауыстырулары тиіс.
Бүгін коммуналшылар Ленин көшесіндегі 18 үйдің алдындаға ескі желілерді жаңасына ауыстыруды бастады. Жұмыстар жұмаға дейін созылады. Сол уақыт аралығында мамандар 70 метр жылу құбырын жаңаламақ.
Жөндеу жұмыстарына байланысты ертең немесе келесі күні осы маңдағы 8 үй мен «Балауса» балабақшасы ыстық судан ажыратылады. Бұл тізімге 8,10,12,14,16,17 және Ағыбай батыр көшесіндегі 7,9 үйлер кіріп отыр. Мамандар суды таңғы 8 де сөндіріп, кешкі 5 те қосамыз деп отыр. Бірақ, бәрі де жұмыс барысына байланысты.
Хабдиманат Ахметбеков-«Су Жылу Транс» КМК бас шебері
«Ең қиыны жер қазу. Өйткені мына жерден көп кабельдер өтеді. Соның астын жүргізу керек. Сосын тазалау бар.Трубаны кесіп, демонтаж жасаймыз. Сосын айырбастаймыз».
Қазіргі таңда ескіні жаңалау қаладағы 4 жерде жүргізілуде. Келер аптада тағы 2 аймақ қосылады.
Айбек Рахимберлин«Су Жылу Транс» КМК бас инженері
«Иванов көшесінен төмен қарай тағы бір жерді айырбастаймыз. 17 кварталда 400мм А Б микрайондарына жылу беретін құбырларды ауыстыру жоспарда тұр. Келесі аптадан бастап кірісеміз».
Яғни келер аптада Шашубай мен 17 мөлтек ауданында бірнеше үй ыстық судан ажыратылады. Мамандардың сөзіне қарағанда қай күні екенін дөп басып айту мүмкін емес. Деседе, су жоқ болған жағдайда оның қашан берілетінін, жөндеу жұмыстарының неше күнге дейін созылатынын 4-08-56 нөмері арқылы білуге болады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login