Құттықтау Есенжан

Бүгін біріміздің жеңгеміз, бірімізге аяулы анамыз, біріміздің әжеміз, Есенжан 70 жасқа толды. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Әрқашан өмірдің өрінде, отбасы төрінде, Алланың назарында болыңыз!

АЛЛА сізге қуат беріп, 100 жасаңыз! Көрер қызығыңыз бен ұл-қызыңыздың шаттығы көп болсын! Ауырмаңыз! Сырқамаңыз! Шөпшек көріңіз! Жаратқанның берген барлық жақсылығы сізді айналып өтпесін! Барлық арман-тілектеріңіз орындалып, Жаратқанның сүйген құлы болыңыз! Мейірімді жүзіңізден күлкінің ізі кетпесін!

70 жас – өмірдің бір белесі,

Қуаныш той боп келген мерекелі.

Есенжан, құтты болсын мерейлі жас,

Сізбенен біздің әулет берекелі.

 

Деніңізге саулық берсін Жаратқан,
Сен сәулесің жерге нұрын таратқан.
Немере мен шөберені көп көріп,
Дана қарт бол елді аузыңа қаратқан.

 

Тілейміз бақыт пен дәулет бір басыңа,

Аман жүрші әрқашан ортамызда.

Ағайын-туыстарға сыйлы болып,

Тағы да қосылсыншы жас-жасыңа!

Тілек білдірушілер: Абдакаевтар отбасы.

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture