30-дан астам балқаштық созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ауруына шалдыққан

Жасанды бүйрек! Балқашта 30 дан астам тұрғын созылмалы бүйрек жетіспеушілігі ауруына шалдыққан. Мұндай науқастарға үнемі ағзасындағы қанды тазартып отыру қажет. Ал, мұндай процедура қалалық ауруханада жүргізіледі. Арнайы аппараттар бүйректің рөлін атқарып, қызыл сұйықықты 4 сағаттың ішінде тазаратып шығады.

Бас медбике Бақыт Рахимбаева гемодиализ бөлімшесінде 1 жылдан бері жұмыс істейді. Сол уақыт аралығында барлық аппараттың тілін үйренген. Айтуынша, бұл құрылғы барлығын өзі атқарады. Тек арнайы бағдарламаны енгізсе болғаны. 1 минутта 350 миллилитр қан алмастырады.

Науқасты аппаратқа қосу катетер арқылы жүзеге асады. Артериядағы қан жасанды бүйрекке жетіп, тамырға қайта құйылады.Мұндай процедура қанды толықтай тазартып шығады. Оны аптасына 3 рет қайталау қажет. Себебі бүйрек жетіспеушілігімен ауратындар өмір бойы гемодиализ аппаратына жүгінуге мәжбүр. Бұл мәселені тек бүйректі ауыстырса ғаан шешіледі.

Бақыт Рахымбаева – гемодиализ бөлімшесінің бас медбикесі
«Біз жеңілдік көрсетеміз. Ал емдеу бұл бүйректі басқа адамнан алып салу деген сөз. Осы екі күн бұрын компаниясының екі ауруына бүйрек ауыстырылды. Біз естіген сайын қуанамыз. Бірақ Балқашта әлі болған жоқ».

Мұнда әр науқасқа жеке қызмет көрсетіледі. Құрылғылардың барлығы залалсыздандырылған. Әрі тек бір рет қолдануға арналған. Емделушілер зерікпес үшін әр қайсына гаджет таратылады. Бөлімшеде вай-фай орнатылған. Тіпті тегін тамақта қарастырылған.

Алексей Подгайнов – Қарағанды облысы бойынша аймақтық директор
«Бұрындары біздің науқастар Қарағандыға баруға мәжбүр болатын. Аптасына 3 рет бару үшін қаншама қаржы кететінің белгілі. Сондықтанда біз бұл бөлімді ашу үшін медициналық қызметкерлерді оқыттық».

Гемодиализ бөлімшесі 2012 жылы қалалық ауруханада ашылған болатын. Тұрақты түрде онда 30-дан аса қала тұрғыны барып көмек алады. Ең жасы — 26 — да. Тек балқаштықтарға ғана емес қала қонақтарына да тегін қызмет көрсетіледі.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture