Бүгін түнде Қазбекова көшесіндегі үшінші КСК өртке оранды. Мекеме бес қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде орналасқандықтан түтін жоғары қабатқа дейін көтерілген. Тұрғындар үйлерінен шығып үлгеріпті. Алайда, сол күні кезекшілікке шыққан жұмыскер оттың ортасында қалып, зардап шекті.
Қызыл жалын түнгі сағат 3-те басталған. Алдын-ала болжам бойынша шәйнек тоққа қосулы күйінде қалған. Одан шыққан жалын жиһазға шарпып, киімдерді өртеген. Ал көк түтін жоғары қабатқа дейін жетіпті.
Оқиға орнына жеткен мамандар 60 адамды қауіпсіз жерге шығарған. Тұрғындар өрт сөніп, түтін тарағанша таңға дейін далада тұрған. Анықталғандай бұл мұнда болған алғашқы өрт оқиғасы емес.
Мария Ерошенко – жительница дома №8 ул. Казбековой:
«Көктемде КСк жұмыскерлері тамақты пешке қойып ұйықтап қалған. Сол кезде де осылай түгел плдъезд көк түтінге оранды. Содан бері түнде түтін исін сезсем шошынып ойнамын».
Қызыл жалыннан КСК-ның бұрынғы қызметкері зардап шеккен. Ол сол күні әріптестеріне қонаққа келген екен. Ер адам отты өздігімен сөндірмек болғанда екі қолын күйік шалған. Ертеңгісінде дәрігерлерге көрінген ол ауруханаға жатудан бас тартқан.
Бұл оқиғадан Қазбекова көшесі 8 — үйдің бірінші қабат тұрғыны да зардап шекті. Түнде Оксана Надолиная үйінде болмаған. Ал, құтақарушылар болса пәтер иелері түтінге тұншығып қалды деген оймен есікті бұзып кіріпті.
Оксана Надолиная – Қазбекова көш №8 үй тұрғыны
«Өрт сөндірушілер бізді тұншығып қалады деген оймен есікті бұзған. Енді, келген шығынды кім өтейтіні белгісіз. КСК барсам, олар директор демалыста дейді. Не істерімді білмей отырмын».
Есігінен айырылған Оксана келген шығынды тек сот арқылы өндіре алады. Алайда, істің ақ-қарасы тексеріліп кінәлі жақ анықталуы тиіс. Ал, өрт шыққан мекемеге мамандар айыппұл салды. Енді КСК мемлекет қазынасына 20 мыңнан астам қаржы төлейді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login