Балқашэнерго мекемесінде жылу маусымына дайындық жүргізілуде

Ал Балқашэнерго мекемесінде жылу маусымына дайындық ойдағыдай жүргізілуде. Электр энергиясына жауапты ұйым күзге дейін 8 шақырым жер асты кабелін ауыстырулары қажет. Қазір бұл жұмыстардың 50 пайызы атқарылған.

Егер 2000-шы жылдардың басында балқаштықтар сағатына 10 мегаватт электр энергиясын тұтынса, қазір бұл көрсеткіш 14 ке дейін өскен. Ал, қыста 14 тен 21 мегаватқа дейін өседі екен. Сұранысқа сай болу үшін ескі сымдарды ауыстыру керек. Жаңа желі бұрынғыларға қарағанда электр энергиясын тез әрі ешқандай кедергісіз жеткізеді Былтыр қыста тоқ желісі тозғандықтан екі апатты жағдай болған. Ал, оқиға биыл қайталанбас үшін «Балқаш энерго»  ұзындығы 8 шақырымға созылатын жер асты кабельдерін ауыстыруда.

Юрий Снегуров – «Балхашэнерго» КМК бас инженері
«Жаңа кабель салу жұмыстарын жылу маусымы аяқталған бетте бастағанбыз. Қазір 50 пайызын жаңалап үлгердік. Күз басталғанша барлық жұмысты аяқтауымыз тиіс».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture