Мен Балқашты жақсы көремін композициясын жаңалау басталды

Мен Балқашты жақсы көремін композициясын жаңалау басталды. Мамандар сынған әріптерді металдан жасалған жаңасына ауыстырды. Бәрін емес. Мен сөзіндегі М әрпі мен Балқаш сөзіндегі Б әрпін. Жүректі де металдан жасап әкеліп орнатты. Бұл жұмыстар әлі де жалғасатын болады.

Еске сала кетейік, туған қалаға деген сүйіспеншілікті білдіретін жазу 2015 жылдың тамыз айында пайда болған еді. 2 жыл ішінде әріптер мен жүрекке бірнеше рет шабуыл жасалып, оны жөндеуге қалалық бюджеттен 5 млн теңге жұмсалған. Осыны ескерген мамандар оны металдан жасау туралы шешім қабылдады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture