Балқаштық оқушылар мектепте еңбек етуде

Балқаштық оқушылар мектептегі жөндеу жұмыстарына атсалысуда. Әр білім ордасы ата-аналармен келісе отырып еңбек етуге ниет білдірген балаларды жұмысқа тартқан. №4 орта мектепте Павел Агеев және Роллан Порохов осымен екінші күн құрылысшыларға көмекші болып жүр. Бірі 8-ші, бірі 9- шы сыныпқа көшкен оқушылар таңғы 9- дан бастап түскі 13:00-ге дейін осында. Олар сыпыру, тазалау, қоқыс төгу секілді ең жеңіл жұмыстарды атқарады. Бұл еңбектері үшін тіпті жалақы да алады. Бір айда 20-25 мың теңге.

Павел Агеев—№4 орта мектептің оқушысы
«Алғашқы еңбекақымды алғаннан кейін өзіме мектепке керекті заттар аламын. Ата-анама қаржы жағынан көмектескім келеді. Сол үшін де осында жұмыс істеуге келдім. Оның үстіне жұмыс аса қиын емес».

Жалпы қала бойынша 3 оқу орнында 11 бала еңбек етуде. Сонымен бірге тағы 10-нан аса оқушы қаланы абаттандыру жұмыстарына тартылған.

Ольга Садвокасова-білім бөлімінің маманы
«Біз балалар каникул кезінде бос жүрмес үшін мердігерлерге ұсыныспен шықтық. Кейін ата-аналармен кездесіп, жұмыс істеуге ниет білдірген оқушыларды жинадық. Барлығы да жоғары сынып оқушылары».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture