Балқаштықтар мысшылар күнін қалай тойлады

Мысшылар мейрамы  эстарда жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен жалғасты.
Мерекелік кеште мысшыларды алғаш алғаш болып зауыт жетекшісі құттықтады. Одан кейін микрофон кеш жүргізушісі Нұрлан Әлімжановқа өтті. Президенттің рөлін ойнаған әртіс тек кешті басқарып қана қоймай әнде шырқады.

Бұл күні сахна төрінде Серик Гамза Заде, Абдулкарим Каримов секілді жұлдыздар өнер көрсетті. «X Factor» жобасының финалисті тыңдарманын ырғақты музыкамен бір сергітіп алғаннан кейін, лирикалық әнге көшті.

Ал, Нұржан Керменбаевтың Балқашқа жиі келетіні соншалық, халық оның әндерін жаттап та алған. Осыдан бір ай бұрын кеншілер мерекесінде бой көрсеткен Капкарашка мысшылар күнінде өзінің үздік туындыларын шырқады.

Кештің көркін әрі қарай Дильназ Ахмадиева, Әмre, және «Renzo», «Ayumi» топтары қыздырды. Мерекелік концерт әдеттегідей ұзаққа созылған отшашумен аяқталды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture