Балқашта алдағы 4 күнде қандай ауа-райы сақталады

Аптап ыстық қайтып келді. Синоптиктердің айтуынша 25 -29 шілде аралығында күндіз ауа-температурасы 40-42 градусқа дейін көтеріледі. Ал, түнде сынап бағанасы 20-22 градусқа дейін  төмендейді. 28 шілде күні ауа-райы жауын-шашынды болады деп күтілуде. Таңертең және кешке аздағн жаңбыр жаууы мүмкін. Тек апта соңына қарай ыстықтың беті қайтып, температура біраз төмендемек.

Анна Шадская – инженер-синоптик
«30-31 шілде күндері сынап бағанасы біраз төмендейді. Күндіз температура 32 градусқа дейін түседі. Мұндай күндер біразға дейін сақталуы мүмкін».

Ал, ақ халаттылар мұндай ыстық күндері жеңіл тағамдар жеп, көп су ішуге кеңес береді. Ал, далаға шыққанда күннен қорғану үшін бас киім киюді естен шығармау қажет.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture