№17 орта мектеп лицей статусына ие болды. Қазір құжаттарды ресми түрде рәсімдеу жүргізілуде. Қаладағы орыс тілді оқу ордаларының жұмысын саралаған білім бөлімінің басшылары №17 мектепте білім сапасы басқаларға қарағанда анағұрлым жоғары екенін анықтаған. Тағы бір маңызды фактор педагогикалық ұжымның тұрақты болуы. Яғни онда көп жылдар бойы бір орында еңбек еткен ұстаздар жиналған. Көбісі жоғары категориялы. Ал, былтыр аталмыш оқу ордасы облыста алғаш болып, Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесі бойынша білім бере бастаған.
Гүлмира Ағдарбекова-Білім бөлімінің жетекшісі
«№17 мектеп Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесі бойынша бір жыл жұмыс істеді. Жыл соңында олар эмтиханды жақсы тапсырып, сертификатқа ие болды. Бұл тәжірибе бойынша жұмыс істеу биылда жалғасады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login