Балқашта жаңа жылу маусымына дайындық жүргізілуде

Қыстың қамын жаз ойла! Су Жылу Транс мекемесі жаңа жылу маусымына қамдану үстінде. Биыл коммуналшылар қала бойынша 10 шақырым құбырды ауыстырулары тиіс. Көктем шығысымен іске кіріскен мамандар қазір жұмыстың жартысынан көбін аяқтаған.

Сейфуллин көшесінде коммуаналшылар ескі құбырларды ауыстыруда. 50 жыл бойы жер астында жатқан су таратқышты қазып алу үшін біраз күш жұмсалады. Кей жерін кесіп, зілбалғамен сындыруға тура келеді.

Айбек Рахимберлин – «Су Жылу Транс» КМК бас инженері
«Құбырлардың ақауларын бәрін түзетіп, барлық жұмыстар жүргізіп жатыр.04:21 Бірақ қана қиындық ол біздің техникамыз ескілеу. Соны жаңалау керек».

Тек далада ғана емес, сондай-ақ ЖЭС секілді стратегиялық нысандарда да қызу дайындық. Онда коммуналшылар №1 ші магистраль құбырын жаңалауға көшкен. Ал, Қоңырат мөлтек ауданында 3 қазандық күрделі жөндеуден өтіп, насосты станциялар жөнге келтірген.

Айбек Рахимберлин – «Су Жылу Транс» КМК бас инженері
«Қаланың ішінде квартальный құбарлар дейді. Олардың ішінде 215 метр айырбастап тастадық. Барлығын қарағанда 10 км ғой, соның 60 пайызын аярбастап біттік. Біз енді қыркүйектің20 на дейін толық бәрін бітеміз».

Былтыр Су Жылу Транс мекемесі жыл маусымын ойдағыдай өткізген. Бірде-бір апатты жағдай тіркелмеген. Алайда, 30- ға жуық жалпы үйлік есептегіш істен шыққан екен. Оны жөндеуге 2 млн теңге жұмсалыпты. Қазір құбырлардың тең жартысы қайта іске қосылған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture