Бүгін Алматыда болған лаңкестік оқиғаға 1 жыл толды! Еске сала кетейік, өткен жылдың 18 шілдесінде белгісіз біреу Алматы аудандық ІІБ және ҰҚК ғимаратына шабуыл жасап, 10 адамды өлтірген болатын. Анықталғандай, оқ атқан адам 27 жастағы Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты. Бұрын сотталған Руслан Кулекбаев полициядан өш алмақ болған. Кейін бұл жағдай теракт деп бағаланып, Алматыда терорлық қауіптің қызыл деңгейі енгізілді. Кейін ол сарыға ауысты. 10 адамның өмірін қиған Кулекбаев болса, 2016 жылдың қыркүйек айында өлім жазасына кесілді. Қазір ол Арқалықтағы түрмеде. Онда барғалы бері ереже бұзғаны үшін 6 рет тәртіптік жауапқа тартылған. Бас бостандығынан айыру мекемесі басшыларының айтуынша, осы уақытқа дейін оған туыстарынан ешкім келмеген. Тіпті ешкіммен хат алыспайтын көрінеді.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login