Балқашқа облыстық балалар клиникалық ауруханасынан дәрігерлер келді

Балқашқа облыстық балалар клиникалық ауруханасынан дәрігерлер келді. Қалада тапшы 5 маман бүгін кішкентай науқастарды қабылдауды бастады. Ақ халаттыларға қаралу үшін ешқандай жолдама керек емес. Тек қолыңызда баланың медициналық карточкасы болса болғаны. Толығырақ келесі сюжетте.

Ата-аналар бала 1 ай толғаннан кейін міндетті түрде жүйке жүйесін тексертуі тиіс. Сондықтанда, бүгін невропатолог дәрігердің қабылдауына келгендер көп. Ал, сәбилердің денсаулығын 15 жылдың тәжірибесі бар Гаухар Нұрғалиева қарауда. Маман шағым айтып келгендерге қосымша тексеріс пен ем тағайындайды.

Гаухар Нұрғалиева-невропатолог дәрігер: «Көбінесе жалобпен келетіндері сол бас ауру жалобтары, кішкентай балалардың қозғалыс ақаулары. Сондай шағымдармен келеді».

Балқашқа хирург, невролог, гематолог, нефролог және гастроэнтеролог секілді тапшы мамандар келді. Содан болса керек, сәбиін жетектеген ата-ана қарасы көп. Бірі шағыммен келсе, бірі баласының денсаулығын бір тексертіп алу мақсатымен осында жүр.

Облыстық ақ халаттылар 14 шілдеге дейін Балқашта болады. Қабылдау уақыты сағат таңғы 9-дан бастап кешкі 17:00-ге дейін. 1-2 ге дейін үзіліс. Баланы қарату үшін ешқандай жолдаманың қажеті жоқ. Тек өзіңізбен бірге сәбидің медициналық карточкасы болуы керек. Ал, дәрігерлердің ендігі сапары қыркүйек және қараша айына жоспарланған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture