Шашубай кентіне барар жолда адам өмірін қиған көлік апаты болды. Тайота Камри жүргізушісі сол орында жан тапсырды. Ал, қасында болған жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Анықталғандай, темір тұлпардың тізгінінде болған 32 жастағы азамат рөлді басқара алмай қалған. Содан көлік жол шетіне аударылып, ол оқиға орнында көз жұмады. Қасындағы жолаушы болса, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің сөзінше, бас миы шайқалыпты.
Батырхан Смаилов –ІІД баспасөз хатшысы жетекшісінің м.а: «Жол апаты 7 шілде күні Балқаш-Шашубай тас жолында болды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын-ала болжам бойынша 32 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай қалған».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login