Балқашта шахматтан ашық чемпионат өтуде

Шаһарда үстел ойындарының екі дүркін әлем чемпионы Марат Жүнісовтың құрметіне арналған чемпионат қызу өтіп жатыр. Оған Балқаш,Қарағанды, Теміртау, Абай, Саран қалаларының оқушылары қатысып, бақтарын сынауда. Ал жеңімпаздарға жалпы 160 мың теңге қаржылай сыйлық тігілді.

Саят Рысмағамбет ала тақташайдағы үстел ойынына көп жаттығып, жеңіске үміттеніп келді. Өйткені,12жастағы балқаштық төртінші кездесуінде шаһар намысын қорғамақ. Оның қарсыласы 15-ке аяқ басқан теміртаулық гроссмейстер. Ал жерлесіміздің қоржынында әзірше тек екі жеңіс, бір жеңіліс бар.

Саят Рысмағамбет – жарысқа қатысушы (Балқаш қаласы): «Мен қазіргі таңда үш ойын өткіздім. Міне қазір өзімнің төртінші ойынымды өткізіп жатырмын. Менде қазір үш ойынымнан екі жарым ұпайым бар. Орын алуға деген үмітім бар».

Жалауын бір күн бұрын желбіреткен жарысқа қаланың шахматшыларымен қатар Қарағанды, Теміртау, Саран және Абай қалаларынан келген ойыншылар қатысуда. Жалпы, дода 60 ойыншының бас қосты. Оның ішінде ең кішісі 6 жаста болса, үлкені 15-те. Ал олардың арасынан оза шапқандар шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Марат Жүнісовтың арнайы сыйлығына ие болады.

Ерғазы Әлімжанов – ұйымдастырушы:«Мұрат Жүнісов менің оқушым болған.Мына оқушылар сарайына соған 8 жасында келді оқушым болып. Содан 5 жылдай оны шахматқа үйреттім.Сол үйретудің арқасында мастер шеберлігіне жетіп, екі дүркін чемпион мира болды».

Жарыс барысында кімнің мысы басатыны екі күндік сыннан кейін белгілі болмақ. Ал үздіктерге үлестірілетін жалпы жүлде қоры 160 мың теңгені құрайды. Бірінші орын алғанға 30 мың теңге, екінші орынға 20 мың және қола жүлдегерге 10 мың теңгеден бөлінбек.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture