Елбасы көк туды көкке көтергеннен кейін Астана күнін тойлау еліміз бойынша басталып кетті. Оның ішінде балқаштықтар да шет қалмады. Бүгін мәдениет сарайында салтанатты жиын өтіп, бір топ жерлестеріміз ұлықталды. Қала әкімінің орынбасары Айдын Қапашев балқаштықтарға ізгі тілегін жеткізгеннен кейін шараның негізгі бөлігіне көшті. Қазақстанның болашағы жалынды жастарға алғашқы құжаттарын ресми түрде табыстады. Ал халқымыздың санын көбейтуге үлес қосқан алтын құрсақты 2 анаға «Алтын алқа » және көп балалы тағы 2 анаға «Күміс алқа» ордендерін табыс етті. Сонымен қатар , шаһардың мәдени саласына зор үлес қосқан өнер иелері марапатқа ие болды.
Райкүл Атымбаева – «Күміс алқа» орденінің иегері:«Астана күніне қарсы мені құттықтағанына көп рахмет айтамын. Көптен көп рахмет. Кейінгі келіндерге көп балалы болуға тілеймін. Көп баладан ешкім жаманшылық көрмейді. Елдің бәрі қуанады. Мен өзім Қазақстанның санын көбейткеніне қуаныштымын».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login