Елімізде сотталушыларға рақымшылық жасау ресми түрде аяқталды

Елімізде сотталушыларға рақымшылық жасау ресми түрде аяқталды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған науқан кезінде Қазақстан бойынша 1200 адам бас бостандығынан айыру мекемесінен босап шыққан. Екі мыңнан астам жазасын өтеушінің уақыты қысқартылды. Сондай-ақ шартты мерзімге сотталған 7 мың адам ақталған. Рақымшылыққа іліккендердің арасында лауазымды шенеуніктер де бар. Мысалы, 10 жылға сотталған бұрынғы премьер министр, кезінде Қарағанды облысын басқарған Серік Ахметовтың мерзімі 2 жылға қысқартылды. Ал, Феникс филіміне бөлінген қаржының 69 млн жымқырды деген айыппен сотталған Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловқа кешірім жасалып, жазасы шартты мерзімге ауыстырылды. Айта кетейік, бұл елімізде жасалған 9-шы рақымшылық.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture