Астанада өтіп жатқан ЭКСПО халықаралық көрмесін осы уақытқа дейін 200 мыңға жуық адам тамашалаған. Соның ішінде Қазақстан атынан қойылған Нұр-Әлем павильионында 86 мың 500 адам болып қайтты. Ал, жалпы көрме нысандарын аралаған шетелдіктер саны 26 мыңнан асады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, келушілердің қатары күн санап өсуде. 10 күн ішінде 10 мыңнан аса мектеп жасына дейінгі балалар, 2 мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагерлер, 14 мыңнан аса оқушылар мен студенттер ЭКСПО ны көруге келген. Олардың арасында балқаштықтарда бар.

Солардың бірі 76 жастағы Тілеуқадыр Мұқажанов. Зейнетке шыққанша Ақтоғай ауданында агроном болып қызмет еткен. 35 жыл бойы ауыл-шаруашылығына зор еңбек сіңірген. Қарт түгел әлем көз тіккен көрмеге туыстарымен бірге барыпты. Жаңа технологияларды көзбен көріп, өзге елдің салт-дәстүрін тамашалап қайтқан балқаштыққа ең бірінші кезекте ұлттық павильион ұнапты.

Тілеуқадыр Мұқажанов-қала тұрғыны
«Өзіміздің ұлттық павильион өте жақсы ұнады. Мынау электр энергися ғо, болашақты тақырыбы. Соны жақсы суреттеген. Көрерменге өте пайдалы. Одан басқа шетелдік павильиондар да жетіп жатыр. Ең қызықтағаны латын америкасының, африка жағындағыларды қызықтап көрдім. 16:35 Тағы бір ұанаға жері мынау кіре берістен басталады. Қошеметтеп, қарсы алуы өте тамаша».
kapligroz | 01.03.2017
Дежурный Редактор | 05.12.2025
Дежурный Редактор | 05.12.2025
Дежурный Редактор | 04.12.2025
Телеканал "Оркен- Media" Балхаш © 2017 Все права защищены.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login