Балқашта газды тазартатын қондырғылардың жұмысы жақсартылады және тағы бір күкіртқышқыл цехы салынады. Жаңадан тұрғызылатын өндіріс ауаға жіберілетін зиянды заттардың көлемін 100 пайзыға азайтпақ. Бұл туралы әкімдікте өткен ғылыми-техникалық конференцияда белгілі болды. Жиынға Қазақмыс Смэлтинг ЖШС бас директоры, ғылым докторлары мен профессорлар және Қазақстан мен Ресей елінің ғылыми қызметкерлері қатысты. Онда мыс өндірісіндегі басты мәселелер талқыланды. Атап айтсақ, ол шикізат қорының азайуы, технологиялық тұрғыдан артта қалу, энергиялық, минералдық шығын. Оған қоса цехтардағы қондырғылар мен жабдықтардың тозығы жеткен. Сарапшылар осы секілді мәселелерді айтып қана қоймай, оның шешу жолдарында ұсынды. Мысалы, өндіріс шығынын азайту үшін автоматтандырылған жүйеге көшу керек.
Гуламидин Камирдинов – «Kazakhmys Smelting» ЖШС техникалық директоры
«Бізге өндіретін өнімнің мөлшерін азайтпай, оның сапасын жақсарту керек. Бүгін біраз мәселелер талқыланды. Қазір ғалымдармен бірігіп, оның шешу жолдарын да қарастырып жатырмыз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login