Балқашқа Василий Жиров келді. Америкадан арнайы келген спортшыны жанкүйерлері мен жерлестері аэропорттан күтіп алды. Бұл жолы Василий Жиров шаһарға демалу үшін емес, жас спортшыларға төрелік ету үшін келді. Себебі, ертеңнен бастап қалада жасөспірімдер арасында бокстан 7–халықаралық турнир ұйымдастырылады. Оған 5 мемлекеттен келетін 200-ден астам спортшы қатыспақ ниетте. Ал олардың рингтегі өнерлерін Балқаш барысы қадағалап, бағасын бермек. Оған қоса, жарыс соңында шеберлік сағатын өткізбекші. Осылайша, олимпиада чемпионы 10 күн бойы шаһарда болады.
Василий Жиров –Бокстан Олимпиада чемпионы
«Маған Балқаштың бокс федерациясы қоңырау шалып, қалада үлкен жарыс болады деп айтқан соң келдім. 5 күндік турнирде төрелік етіп, спортшыларға шеберлік сағатын өткізетін боламын. Себебі, елімізден чемпиондар шықса мен үшін ол қуаныш.
Ал кәсіби спортшының қаладағы алғашқы кездесуі салтанат залында өтті. Василий Жировпен көрісіп, тілдесу үшін 30-дан аса жастар жиналды. Студенттер екі сағат бойы қызықтырған сұрақтарын қойып, жерлесіміздің қазіргі өмірімен танысты. Онда белгілі болғандай спортшы көп уақытын Америкадағы спорт мектебінде өткізеді екен. Оған қоса, 20 жылдан бері етті мүлдем жемейтін көрінеді.
Әкім Арманұлы- студент
«Василий Жиров мен үшін өте үлгілі адам болып келеді. Өйткені, ол Балқаштан ең бірінші ауыр салмақтан шыққан боксшы. Әрбір төбелестері өткен сайын өзім таң қаламын. Оның әрбір қимылдары жақсы деп санауға болады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login