Балқаштық оқушылар 4 пәнді ағылшын тілінде оқитын болады

Балқашта жаңа оқу жылында эксперимент сыныбы пайда болады. №15 мектеп-лицейінің 10- сынып оқушылары қыркүйектен бастап 4 пәнді ағылшын тілінде оқымақ.

№15 мектепте 9 бітірген оқушылар салтанатты түрде негізгі орта білім туралы атестат алды. 84 бала білімін растайтын алғашқы құжатқа қол жеткізді. Соның 30-ы 10- сыныпқа қаламын деп шешкен. Енді, олар жаңа оқу жылынан бастап физика, химия, информатика және жаратылыстану пәндерін шет тілде оқитын болады. Оқушылар дайындықты 2014 жылдан бастаған. Тіпті екі оқушы қыз физикадан ағылшынша ғылыми жоба жазып, облыста жүлделі ІІ, ІІІ орын алыпты.

Алуа Несіпбаева- 10 сынып оқушысы
«7-8 сыныптарда биология, информатика пәндерін факультативта терминологияларын қамтығандықтан бұған біз дайынбыз деп ойлаймын. Және әрі қарай меңгере аламыз».

Сымбат Кенжебекова- 10 сынып оқушысы
«Біз өзімізге сенімдіміз. Сондықтан ағылшынша оқуды жетік меңгере аламыз деп ойлаймын. Ол үшін біз көп дайындалуымыз керек. Тақырыптарды қайталап жаттығуымыз керек».

Жақында эксперимент сыныбында оқитын 30 бала ағылшын тілінен тест тапсырған. Оның жиырмасы 50 сұрақтың жиырма бесіне дұрыс жауап беріп, сынақтан сүрінбей өткен. Ал, қалғандары каникул кезінде қосымша дайындалатын болады. Ал, білім беруді өзге тілге көшіру жүйесіне тек оқушылар ғана емес оқытушылар да дайынбыз деп отыр.

Сымбат Сүлейменова-физика пәнінің мұғалімі
«Мұғалімдердің де ағылшыннан сабақ беруге дайындалып жатыр. Ол кісілердің де жалпы жаман емес. Ол кісілер  арнайы оқудан өтті. Және де қазіргі кезде ұйымдастырып жатқан 10 айлық курс бар. Осы курсқа дейін қатысып жатыр».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture