Екі қолға бір күрек іздеушілерге жұмыс бар. Қаладағы жұмыспен қамту орталығы еден жуушыларды, күзетшілерді, пеш жағушыларды және аула сыпырушылар мен қара жұмыскерлерді іздейді. Ниет танытушылар уақытша 6 айға жұмысқа алынады. Жалақылары 50 мың мен 70 мың аралығында. Оның 35 пайызын мемлекет төлесе, қалғанын жұмыс беруші өтейді. Айта кетсек, қаладағы түрлі жеке меншік ұйымдар мен мекемелерге 4 аула сыпырушы, 2 еден жуушы, осынша пеш жағушы, 10 күзетші, 30 қара жұмыскер қажет. Еңбек еткісі келетіндер жұмыспен қамту орталығына жүгінсе болады.
Гүлсім Калпебаева–жұмыспен қамту орталығының маманы
«Қазіргі таңда көбісі еден жуудан, аула сыпырудан жұмыссыз азаматтар намыстанады. Сол себептен біздің орталықта жұмыссыз азаматтар саны артуда. Сондықтанда жұмыстан қашпайтын ниеті бар азаматтарды жұмыспен қамту орталығына шақырамыз».
Бос жұмыс орындары
Керекті маман адам саны жалақы көлемі
Күзетші 10 40000-45000тг
Пеш жағушы 2 50000тг
Еден жуушы 2 50000тг
Қара жұмыскер 30 690000тг
Аула сыпырушы 4 650000тг
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login