Балқаштық балалардың алғашқы легі жазғы лагерьге аттанды. Бүгін бүлдіршіндерді ата-анасы мәдениет сарайының алдынан Жасқанат лагеріне шығарып салды. 250 оқушы Бектауата баурайындағы сауықтыру орталығында 2 апта, яғни 13 мен 25 маусым аралығында тынығатын болады. Оларға арнап бүгін 4 автобус бөлінген. Ал, каникулын көңілді өткізуге аттанған балалардың бірі лагерге жылда барса, бірі алғаш рет ата-анасынан жыраққа кетіп барады. Жалпы биылғы жазда «Жас Қанат» лагерінде 4 кезең бойынша 1000 оқушы тынықпақ. Екінші аусым табиғат аясына 26 маусым күні аттанады. Ал, соңғы кезеңде азқамтылған және көпбалалы отбасы балалары тегін демалады. Айта кетейік, жолдама құны былтырғыдай 6700 теңге. Осы жылы оқушылардың қала сыртындағы жазғы демалысын ұйымдастыруға қалалық бюджеттен 72 млн теңге бөлінген. Ал, бүгін ата-аналар балаларын қимастықпен «Жас Қанат» лагеріне шығарып салды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login