Балқаш әкімі оқу орындарының жағдайымен танысты

Қала әкімі оқу орындарының жағдайымен танысты. Бір-екі күнде шаһардағы 11 мектепте жөндеу жұмысы басталады. Осыны ескерген Александр Аглиулин білім ордаларына тексеріп қайтты. Мысалы №10 мектепте осы жазда кіші және үлкен спортзал, медициналық кабинет жаңартылады. Алайда, ең бастысы биыл мектеп төбесі жөнделеді. Одан 3 жыл бойы су ағып келген. Жауын-шашын күндері оқу орнының дәлізіне дейін шылқып кететін көрінеді.

Леонид Кочетков –№10 мектептің АӘД пәні мұғалімі
«Алдында су тамшылып ағатын. Оны өз күшімізбен бітеп, жөндеуге тырыстық. Алайда, көктемде қар еріп, жауңбыр жауған кезде жоғары қабатты түгел су басып қалды».

Ал, бірінші мектепте ғимараттың сырты боялып, 150 ден аса жаңа терезе орнатылады. Қазір білім ордасының басшылары құрылысшылардың келуін күтіп отыр. Бір-екі күнде қаладағы 11 білім ордасында қызу құрылыс басталады. Оның барысын қала әкімі жіті бақылауына алмақ. Ал, мамандар 10 шы тамызға дейін жоспарланған барлық жұмысты аяқтаулары тиіс.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture