Балқашта түлектердің мектеп бітіру кеші өтті

2017 жылдың түлектері мектеппен қоштасты. Тарыдай болып кіріп, талабымен таудай болып шыққан 264 оқушыға арналған орталық алаңда салтанатты шара өтті. Оның ішінде 8 түлек «Алтын белгі » иегері атанып, 11 жыл бойы үздік нәтиже көрсеткен 9 оқушы «Үздік аттестатпен»марапатталды.Былтыр терорлық әрекетпен болмай қалған алаңдағы қоштасу кеші, биыл көл жағалауында жалғасын тапты. 16 мектептің 264 түлегі күн ұясына енген кезде қызыл кілеммен қол-ұстасып, сәнді көйлек-костюмдерін киіп жүріп өтті.

Жаңа білім заңына байланысты түлектер ең бірінші емтихан тапсырды. Нәтижесінде, үздік нәтиже көрсеткендер көбейді. «Алтын белгіге» ниетті 9 түлектің 8-і үмітті ақтады. «Үздік аттестатқа» үміткер 9 оқушының 9-ы 11 жылдық білімді дәлелдеді. Осылайша, өресі биік жас түлектерді қала басшылықтары құттықтап,ақ жол тіледі.

Ұлпан Қуандық- №16 мектептің түлегі
«Мен осы қызыл атестатты алу үшін көптеген еңбек төктім.Осы қызыл атестатты алу жолында осы 5 бағаны ақтауға ұстаздарымның, ата-анамның үмітін ақтауға күш салдым. Жәнеде дәрігерлікке түсіп, Қазақстанды гүлдендіруге ат салысамын.»

Түлектердің осындай нәтиже көрсетуіне ата-аналар да үлкен үлес қосты. Баласы үшін барын салып, орасан зор еңбектенді.Сондықтан, бүгінгі кеш оларға да бір белес.Кеше ғана алтын ұяларымен қимай қоштасқан оқушылар салтанатты кеш соңында қоштасу вальсін биледі. Барша жастардың құрметіне әуеге түрлі-түсті шарлар ұшырылды.Барын салып, барлығы дайындалған кеште түлектердің сәнді киімдері көздің жауын алды.Биылғы жылы қыздардың көбісі қызғылт түсті таңдағандары көрінді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture