Балқаштық футбол құрамасы сарандықтарды қабылдауға дайындалуда

Облыста футболдан ашық біріншілік жалауын көтерді. Балқаштық «Металлург» командасы бірінші ойынды сыртта өткізіп, екінші кездесуге қызу дайындалып жатыр. Жерлестеріміз осы жексенбі күні шаһарда Саран құрама командасын қабылдайтын болады. Дәстүрлі додада спортшылар қалай өнер көрсетпек, биылғы командада қандай өзгеріс бар.

Владимир Дегтярев жасыл алаңға бала күнінен үйренген. Спортшы 6 сыныптан бастап «Металлург» құрама командасының кіші тобында өнер көрсетті.Және жас футболшы 16 жасында облыстық спорт мектебіне шақырту алып, 2 жыл сонда біліктілігін арттырды. Қазір жергілікті топтың жартылай қорғаушысы.

Владимир Дегтярев – «Металлург»: командасының жартылай қорғаушысы
«5 жасымнан бастап футбол ойнай бастадым. 7 жасымда досыммен бірге аула командасына кірдік.Күн сайын жаттығып, жарыстарға қатысып жүрдік. Жақсы өнер көрсеттік.Содан мені Қарағандыға шақыртты.Онда 2 жыл болып, қалаға қайтып келдім».

Тарихы терең «Металлург» командасының мүшесі биыл өзгерді. 50 пайызын жастар ауыстырды. Топтағы ең жас спортшы 16-да болса, ең үлкені 30 жаста. Жаңа құраманың бірінші ойыны Шахтинск қаласында өтті. Балқаштықтар былтырғы жылдың жүлдегерлерінен 2:1 есебімен ұтылып қалды.

Серікбол Бектұрғанов-Қалалық футбол ассоциасының атқарушы директоры
« Команданың құрамы  50 пайызға өзгерді. Жаңадан келген балалар көп. Команда жаңа болса да биыл да жақсы ойын өрнегін көрсетеміз. Балалар өз бабында жүр».

Облыстық біріншіліктің екінші кездесуі осы жексенбі күні, сағат 11.00-де. Мысшылар стадион кешенінде өтеді. Жерлестеріміз Саранның «Шахта» командасымен ойнайтын болады. Ал, жалпы облыстық кубокті 6 құрама таразылап, үздік күзде анықталмақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture