Балқашта ескі жарық бағаналары жаңасына ауыстырылуда

Қалада ескі жарық бағаналары жаңасына ауыстырылуда. Бірер аптадан кейін Қадыржанов және Ағыбай батыр көшесінің бойында электрэнергиясын үнемдейтін жарықдиодтты шамдар пайда болады. Оған қалалық бюджеттен 25 млн теңге бөлінген.
Жарық бағаналарын ауыстыру жұмыстары Қадыржанов көшесінен басталды. Монтаждаушылар бетоннан құйылған ескісін алып тастап, оның орнына металдан жасалған жаңасын орнатуда. Бір-екі аптада бұл көшенің бойында мұндай 10 метірлік 79 жарық бағанасы пайда болады.

Гүлшат Байтөкешова-тілші
«Егер бұрындары ескі жарық бағаналары көшенің тек бір жағында ғана болса, монтаждаушылар  10 метірлік жарық бағаналарын көшенің екі жағына да орнатпақ. Алдымен оң қатарды бітіргеннен кейін, жарық қосып сол қатарға көшеді».

Бағаналарға электрэнергиясын 3 есеге дейін үнемдейтін жарықдиодты заманауи шамдар орнатылуда. Егер, ескісі сағатына 400 ват айналдырса, бұлар бар болғаны 126 ват жағады. Ал, жарамдылық мерзімі 25 жылға дейін.

Ал, орнынан алынған ескі бағаналар Жұмысшы кенті мен 64 орамдағы жарық тартылмаған қараңғы көшелерге орнатылмақ. Мамандар, жұмысты осы жазда бастаймыз деп отыр.

Әнуар Самиев-ТКШ бөлімінің басшысы
«Барлық көшелерге орнатылады деп айта алмаймын. Алдымен басты көшелерге жарық тартылады. Қалғандарына жыл сайын жоспар бойынша жүргізіледі».

Мамандар, Қадыржанов көшесін аяқтағаннан кейін Ағыбай батырға көшеді. Онда маусым айының соңына дейін 100-ге жуық жаңа жарық бағанасы орнатылады. Ал, бұл екі көшенің жарықтандыру жүйесін ауыстыруға қалалық бюджеттен 25 млн теңге бөлінген.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture