Қала тұрғындары үйлерінің алаңдары қоқыс маңына айналғанына наразы! Қанша жинағанымен тұрмыстық қалдықтарды біреулер келіп төгіп кетеді дейді- көпшілік. Тіпті тау болып үйілген қоқысқа жеке меншік фирмалардың да себебі бар болуы мүмкін дегенді де алға тартуда.
Жұмысшылар кентіндегі, Железнодорожный көшесінің тұрғыны Айбақыт Асылбекова үй маңындағы қоқысты күн сайын жинап әлек. Әр сенбі, жексенбі күндері пакет, бөтелке үйінділерін жағамын дейді. Алайда, жұмыс күндері қоқыс тағыда қаптап кететін көрінеді. Оны кім, қайдан әкелетіні белгісіз.
Айбақыт Асылбекова- Железнодорожный көшесінің тұрғыны
«Бұл жерде екі үйдің орнында неше жылдан бері құрылыс қалдықтары жатыр.Оған қоса, қаладан ба , осы жердегі адамдар ма ремонт жасағанда үйдегі қоқыстарын осы жерге төгіп жатыр.Сонымен мен жинап әлек,бұл жер шашылып әлек».
Ал, Ағыбай батыр көшесі, 5 үйдің тұрғыны ауладағы қоқысқа көліктерді жөндейтін мекеме кінәлі дейді. Өйткені, қоқыс жәшігінің маңы темір тұлпар бөлшектеріне толы. Мұндай темір-терсектерді олардан басқа ешкім тастамайтынына сенімді.
Александр Ивко- Ағыбай батыр көшесі, №5 үйдің тұрғыны
«Былтыр осындай күл-қоқыс болғанда, бір рет жиналғантын. Бірақ содан бері қоқыс қаптап келеді. Мына көлік жөндейтін орталық темір-терсектерін осында әкеп тастайды. Оларға айтқанымен, өзіңе дөрекілік көрсетеді. Және тұрғындарда диван, көрпе –жастықтарын тастайды».
Алайда, көліктерге техникалық қызмет көрсететін мекеме тағылған айыпты мойындамады. Қожайынның айтуынша, фирманың жеке қоқыс тастайтын жәшігі бар . Және оған қызмет көрсететін мекемемен келіссім шартта. Сондықтан, бұл темір –терсектер үй маңында орналасқан гараждарға тиесілі болуы мүмкін.
Вячеслав Миллер – көлік жөндеу орталығының иесі
«Мен Балқаш-Универсал мекемесімен келісім-шарттамын. Қызмет үшін ай сайын ақша төлеп отырамын. Бұл қоқыстар менікі емес. Оны мынау қасымызда орналасқан гараждар тастауы мүмкін. Оған қоса, қоқысты алысқа тасып не істеймін?!».
Әдетте мұндай дау-дамай полиция қызметкерлерінің араласуымен шешіледі.Жыл басынан бері, ірі көлемдегі күл-қоқыстарды аулаға тастаған 10 тұрғын анықталды. Оларға бірінші рет тек ескерту айтылды. Ал тағы қайталанатын болса, 70 мың теңге айыппұл төлейді. Сонымен қатар, егер сіз осындай заң бұзушылықтың куәгері болсаңыз, жедел желіге хабарласаңыз болады. Шағымдарды әкімшілік қабылдайды.
Айнұр Бектұрова- Балқаш қ. Әкімінің баспасөз-хатшысы
«Қала әкімшілігінде сенім телефоны жұмыс істейді.Қала тұрғындары 4-42-61,4-40-84 нөмірлеріне хабарласып, өзекті мәселелерінің сұрақтарына жауап ала алады. Сонымен қатар, сұрақтардың барлығы жауапты басшыларға жіберіліп, бақылауда болады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login