Ленин көшесі, 4 үйдің тұрғындары аулаларында балалар алаңының жоғына, жол салынып, жарық тартылмағанына шағым жасауда. Тіпті наздарын айтып, қала әкімінің қабылдауына барған. Ал, қала басшысы болса, барлық жауапты мамандарды тұрғындардың сауалына жауап беруге аттандырды.
Тұрғындар ауланы абаттандырып онда жарық тартылғанын, жол салынғанын қалайды. Ең құрығанда отырып, демалатын 1-2 сәкі орнатып берсе дейді. Ал, аналар болса балалар ойнайтын алаңның жоқтығына шағым айтып отыр. Жиын барысында жасыл-желек мәселесі де қозғалды. Жиналғандар, өсімін тоқтатқан, қурап қалған ағаштардың кесілмейтінін айтып, суару жүйесінің жоқтығын сөз қылды.
Нина Романова-Ленин көш .№4 үйдің кондоминиумы
«Мен әкімге барып ең құрмаса сәкі орнатып беруін өтіндім. Балалар алаңы туралы айтпа-ақ қояйын. Ал, ағаштар мүлдем суарылмайды. Содан міне қурап жатыр».
Ал, мамандар болса, арнайы бекітілген бағдарлама бойынша бұл ауланы жөндеу 2018 жылға жоспарланғанын айтады. Алайда, бәрі де қаржыға байланысты. Егер, келесі жылы бюджеттен бөлінетін сома жеткіліксіз болса, онда абаттандыру жұмыстары 2019-ға қалуы мүмкін. Ал, қурап қалған ағаштарды кесу үшін тұрғындардың 70 пайызы келісімін беріп, ТКШ бөліміне өтініш жазулары керек.
Сәуле Айтжанова-ТКШ бөлімінің абаттандыру секторы меңгерушісі
«Суару жүйесін тарту бойынша, үй иелері өзінің КСК на барып заявление жазып, КСК-мен бірге жұмыс жасаулары қажет. Магистарльный жүйеден, өзінің үйіне тартуға».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login