«Ботажан» сауықтыру орталығының тәрбиеленушілері модель болды

Жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін балалар күнін «Ботажан»сауықтыру орталығының тәрбиеленушілері де атап өтті. Мейрамға орай мүмкіндігі шектеулі балғындар нағыз модель болып, сән-салтанаттың түр -түрін көрсетті.

Бүлдіршіндер сән сахнасында өнер көрсету үшін кәсіби мамандардың қабылдауынан өтті. Тырнақтарын бояп, шаштарына әдемі шаш үлгілерін жасап, беттерін әрледі. Осылайша,50-ге жуық сән көрсетіліміне қатысушылар нағыз ханшайым, ханзадаға айналды.

Арина Амирова- «Ботажан» сауықтыру орталығының тәрбиеленушісі
«Мен бірінші рет сән орталығына келдім.1054 дайындадық.Биледік. Мен де басқа балалар сияқты қатарымнан қалғым келмейді».

Жаздың алғашқы сән апталығына балқаштықтар мен қатар Қоңырат, Приозерсктен келген бүлдіршіндер қатысты. Енді алдағы күні кішкентай болса да талғамдары жоғары балалар үшін мұндай шара тағы да ұйымдастырылмақ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать

Hide picture